Қазақстандық төрт хоккейші ҚХЛ Жұлдыздар матчына қатысуы мүмкін

Қазақстандық төрт хоккейші ҚХЛ Жұлдыздар матчына қатысуы мүмкін

Қазақстандық төрт хоккейші 2026 жылғы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) Жұлдыздар матчына қатысуға үміткерлер қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лига 6-7 ақпанда Минскіде өтетін Жұлдыздар матчына алғашқы қатысушыны анықтау үшін жанкүйерлер арасында дауыс беруді бастады.

Үміткерлер тізіміне биылғы маусымда овертаймда шешуші шайба соққан немесе буллиттер сериясында командасына жеңіс әкелген хоккейшілер енгізілген.

Олардың қатарында «Барыс» шабуылшылары Гарретт Пилон мен Семён Симонов бар. Сондай-ақ жанкүйерлер Магнитогорскінің «Металлург» клубында өнер көрсететін қазақстандық Никита Михайлис пен Валерий Ореховке дауыс бере алады.

Дауыс беру 23 қараша күні Астана уақытымен сағат 21:00-де аяқталады.

Жеңімпаз ҚХЛ Жұлдыздар матчында өнер көрсететін төрт команданың бірінен орын алады. Олар: KHL BLR Stars, KHL U23 Stars, KHL WORLD Stars және KHL RUS Stars.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама