Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан әлем чемпионатын үш күміс медальмен аяқтады

Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан әлем чемпионатын үш күміс медальмен аяқтады

Қытайдың Нинбо қаласында өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының жеті спортшысы бақ сынады. Олардың арасынан тек Нұрғиса Әділетұлы жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрғиса Әділетұлы қоссайыс қорытындысы бойынша 399 келіні бағындырып, күміс медаль жеңіп алды. Ол жұлқа көтеруде 182 келіні, ал серпе көтеруде 217 келіні еңсерді.

Қазақстандық спортшы жұлқа және серпе көтеру жаттығуларының әрқайсысында да екінші нәтиже көрсетіп, тағы екі кіші күміс медаль иеленді.

Құраманың өзге мүшелері арасында жүлдеге ең жақын болған Алексей Чуркин еді. Ол 85 келіге дейінгі салмақта төртінші орын алды.

Қазақстандық спортшылардың қалған нәтижелері:

• Любовь Ковальчук (+86 келі) – 6-орын;

• Артем Антропов (110 келі) – 8-орын;

• Петр Хребтов (75 келі) – 14-орын;

• Едіге Емберді (85 келі) – 16-орын;

• Аянат Жұмағали (77 келі) – 19-орын.

Айта кетейік, Нұрғиса Әділетұлы бұған дейін де әлем чемпионатында жүлде алған. Ол 2024 жылы әлем чемпионы атанса, 2022 жылы күміс медаль жеңіп алған болатын.

Сонымен қатар биыл қыркүйекте Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өткен Азия ойындарында да күміс жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама