Қазақстандық триатлоншы жасөспірімдер Олимпиадасында қола жүлдегер атанды
Қазақстандық триатлоншы Рамазан Айнегов Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында ұлттық құрама қоржынына жүлде салды, деп хабарлайды Prosports.kz.
ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, спортшы Олимпиаданың триатлон сайысындағы қашықтықты сәтті еңсеріп, тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.
Қазақстан өкілі мәре сызығын 53 минут 27 секундта кесіп өтті. Жапониялық Дайки Нисидзаки де дәл осындай нәтиже көрсеткендіктен, қос спортшы қола жүлдені өзара бөлісті. Олар жеңімпаздан 14 секундқа қалып қойды.
Алтын медальді 53 минут 13 секунд нәтижесімен португалиялық Артур Гашпар жеңіп алса, 53 минут 23 секундта мәреге жеткен Люксембург өкілі Эмиль Ванолст күміс жүлдеге ие болды.
Рамазан Айнеговтың жетістігінен кейін Қазақстан құрамасының Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасындағы жүлделер саны екіге жетті. Бұған дейін дзюдошы Фатима Супығалиева 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, ел қоржынына алғашқы алтын медальді салған болатын.