Триатлоннан Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды
Қытайдың Сюйчжоу қаласында триатлоннан Азия чемпионаты өтеді. Құрлық біріншілігінде спортшылар үш жас санаты бойынша сынға түседі, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Жарысқа қатысушылар «суперспринт» дисциплинасында бақ сынап, ересектер, жасөспірімдер және 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында жүлделерді сарапқа салады.
World Triathlon халықаралық федерациясының мәліметіне сәйкес, Қазақстан құрамасының алдын ала тізімі төмендегідей:
Ересектер: Арлан Жаңабай, Темірлан Теміров, Дарын Қонысбаев, Егор Крупяков, Александр Тен, Аян Бейсенбаев, Диана Ержанова.
Жасөспірімдер: Гор Депершмидт, Рамазан Әйнегов, Еламан Балабаев, Альхам Мұрат, Калерия Шнейдер, Алуа Нұрмұхамет.
U15: Матвей Павлов, Хайдар Исмаилбаев, Айтуған Күмікбаев, Александр Суховольский, Алтынай Нұрланқызы, Ясмина Бузуртанова.
Азия чемпионаты 13-14 маусым күндері өтеді.
Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында өнер көрсетті
Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңінде екінші жүлдесіне қол жеткізді
Қазақстан спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогында өнер көрсетті