Софья Самоделкина Гран-при кезеңінде үздік бестікке енді

Софья Самоделкина Гран-при кезеңінде үздік бестікке енді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Халықаралық конькишілер одағының (ISU) Гран-при сериясының Канадада өткен кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп жазады Prosports.kz.

Екі бағдарлама қорытындысы бойынша отандасымыз жарыстың үздік бестігіне енді.

Қысқа бағдарламада төрешілер Софья Самоделкинаға 71,84 ұпай берсе, еркін бағдарламадағы өнерін 135,05 ұпайға бағалады. Осылайша, қазақстандық спортшы жалпы 206,89 ұпай жинап, қорытынды есепте бесінші орынға тұрақтады. Әйелдер арасындағы жекелей сында Канаданың Келоуна қаласында әлемнің 12 үздік мәнерлеп сырғанаушысы бақ сынады.

Жарыс жеңімпазы жапониялық Мао Симада атанды. Ол 235,44 ұпай жинады. Эстониялық Нина Петрыкина (221,07) күміс медаль иеленсе, америкалық Изабо Левито (212,22) үздік үштікті түйіндеді. Тағы бір жапониялық спортшы Саки Миякэ 210,09 ұпаймен төртінші орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама