Андрей Назаров: «Біздің атқарған жұмысымызға оң баға қойылған жоқ»

Елордалық «Барыс» хоккей клубының бас бапкері Андрей Назаров Russia-Hockey.ru сайтына берген сұхбатында ҚХЛ маусымының аяқталғаны және Қазақстан құрамасының 2016 жылғы әлем біріншілігіне дайындығы жөнінде айтып өтті.

– Қазақстан хоккей федерациясының Президенті Асқар Мамин бастаған «Барыстың» басшылығы бапкерлік ұжымның маусымға жасаған қорытындысын тыңдады. Әрине, біздің жұмысқа оң баға қойған жоқ. Ендігі жұмыс, Мәскеуде өтетін әлем біріншілігіне дайындалу.

– Дайындық жоспары жасалды ма?

– Иә, жасалды, бірақ әлі бекітілген жоқ. Біздің басты мақсатымыз, жоғарғы дивизиондағы орнымызды сақтап қалу. Мүмкіндік болып жатса, үздік сегіз құраманың қатарына еніп, плей-офф кезеңіне шығу.

– «Барыс» ҚХЛ маусымын ерте бітіргенмен, ресейлік БАҚ сіздер жайлы әлі ұмыта қойған жоқ.

– Бізді ұмыт қалдырмағаны үшін, қазақстандық және ресейлік БАҚ өкілдеріне алғысымды айтқым келеді. Тіпті, кеше Омбы қаласында қызық жағдай орын алды. Қосалқы құрамға арналған орынға жайғасқан Дамир Рыспаевты бүкіл ойын бойы телеоператор түсіріп отырды. Құдды, арнайы соны түсіру үшін жалдағандай. Тіпті, оның жеке күнделік жүргізуіне кедергі келтірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или