«Барыс» ҚХЛ турнирлік кестесінде үш орынға төмендеді
Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионаттың соңғы матчтарынан кейін командалардың жаңартылған турнирлік кестесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Барыс» Шығыс конференциясында төртінші орыннан жетінші орынға түсіп қалды. Астаналық клуб 12 матчтан кейін 14 ұпай жинаған.
Команда соңғы кездесуін Мәскеуде «Спартакқа» қарсы өткізді. Матч Қазақстан клубының буллиттер сериясындағы 4:3 есебімен жеңісімен аяқталды.
Осылайша, «Барыс» сырт алаңда жеңіске жетіп, ұпай қорын толықтырғанына қарамастан, ҚХЛ-дың жаңартылған турнирлік кестесінде үш сатыға төмендеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или