Юлия Путинцева Қазақстанға Азия ойындарында қола жүлде сыйлады

Юлия Путинцева Қазақстанға Азия ойындарында қола жүлде сыйлады

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева 2026 жылғы Азия ойындарындағы жарысын қола медальмен аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыс Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатыр.

Әйелдер арасындағы жекелей сындағы жартылай финалда Қазақстан өкілі Қытай теннисшісі Чжан Шуаймен кездесті. Матч қытайлық спортшының пайдасына 6:4, 6:2 есебімен аяқталды.

Осылайша, Путинцева финалға шыға алмады. Алайда жарыс қорытындысы бойынша 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Еске салайық, Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или