Кравец «Барыстың» үш матчтан тұратын сырт алаңдағы сериясына құрамды анықтады
«Барыстың» бас бапкері Михаил Кравец командасының ҚХЛ-дағы алдағы сырт алаңдағы ойындарына қатысатын құрамды анықтады, Prosports.kz.
Астаналық клуб сырт алаңда қатарынан үш матч өткізеді. 30 қыркүйекте «Барыс» Қазанда «Ак Барспен» ойнаса, 2 қазанда Нижнекамскіде «Нефтехимикпен» кездеседі. Ал 4 қазанда Мәскеудің «Спартагына» қарсы матчпен сырт алаңдағы сериясын аяқтайды. Алғашқы екі кездесу Астана уақытымен 21:00-де, соңғы ойын 19:00-де басталады.
Команданың сырт алаңдағы сериясына үш қақпашы, сегіз қорғаушы және 16 шабуылшы кірді.
Қақпашылар: Владислав Нурек, Хантер Шепард, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.
Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Алихан Асетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Алихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.
Бұған дейін Кравец жаңа маусымның басында кейбір хоккейшілер оның күткен үмітін ақтамағанын мәлімдеген болатын.