Алексей Чуркин Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Алексей Чуркин Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин ұлттық құрама қоржынына күміс медаль салды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұлқа көтеру жаттығуында Чуркин 173 келіні сәтті көтеріп, аралық хаттамада сенімді түрде көш бастады.

Ал серпе көтеруде қазақстандық спортшы 205 келіні бағындырды. Осылайша қос сайыстың қорытындысы бойынша 378 келі жинады.

Жарыстың чемпионын анықтау үшін соңғы тәсілдерге дейін тартысты бәсеке жүрді. Нәтижесінде КХДР өкілі Ро Кван Рёль небәрі бір келі артықшылықпен алтын медаль иеленді. Ол қос сайыста 379 келі (165+214) нәтиже көрсетті.

Қола медаль Қытай спортшысы Чэнь Шуньнанға бұйырды. Ол 374 келі (163+211) нәтиже көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или