Аянат Жұмағали Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық ауыр атлет Аянат Жұмағали 2026 жылғы Азия ойындарында күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында ауыр атлетикадан әйелдер арасында 77 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған қазақстандық спортшы қос жаттығу нәтижесі бойынша екінші орын иеленді.
Жұмағали жұлқа көтеруде 109 келіні бағындырды. Ал серпе көтеруде 137 келіні көтерді. Осылайша, екі жаттығудың қорытындысы бойынша 246 келі нәтижеге қол жеткізіп, күміс медальға ие болды.
Бұл салмақта алтын медаль Қытай спортшысы Хэ Жэньсюге бұйырды. Ол жұлқа көтеруде 118 келі, серпе көтеруде 140 келі көтеріп, жалпы 258 келі нәтиже көрсетті.
Қола медальды Иран өкілі Рейхане Карими жеңіп алды. Ол қос жаттығудың қорытындысы бойынша 243 келі көтерді. Оның нәтижесі жұлқа көтеруде – 107 келі, серпе көтеруде – 136 келі.