ҚХЛ «Барыстың» үш ойыншысын үздік деп таныды

ҚХЛ «Барыстың» үш ойыншысын үздік деп таныды

Құрлықтық хоккей лигасы Мәскеудің «Динамосы» мен «Барыс» арасындағы тұрақты чемпионат матчының үш үздік ойыншысын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матчтың үш үздік ойыншысы да қазақстандық клубтың өкілдері атанды.

Кездесу кеше Мәскеуде өтіп, «Барыстың» 4:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Матчтың басты қаһармандарының бірі шабуылшы Гаррет Пиллон болды. Ол дубль жасап, команданың жеңісіне елеулі үлес қосты.

Матчтың екінші жұлдызы болып «Барыстың» қақпашысы Андрей Шутов танылды. Қақпашы өз қақпасына бағытталған 38 соққының 37-сін қайтарып, бір ғана шайба жіберіп алды.

Кездесудің үшінші жұлдызы – қорғаушы Джейк Масси. Канадалық хоккейші бір шайба соғып, екі нәтижелі пас берді.

Осы жеңістен кейін «Барыс» жеті матчта 10 ұпай жинап, ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында үшінші орынға көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или