«Барыс» үш ойыннан кейін ҚХЛ-дың үздік алтылығына енді

«Барыс» үш ойыннан кейін ҚХЛ-дың үздік алтылығына енді

ҚХЛ тұрақты чемпионаттың алғашқы матчтарының қорытындысы бойынша клубтардың күш рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыс» үш кездесуден кейін тізімде алтыншы орынға жайғасты.

Қазақстандық клуб маусымды «Сібірді» ірі есеппен жеңуден бастады. Астанада өткен матч 7:1 есебімен аяқталды. Кейін команда «Салават Юлаевқа» қарсы кездесуде де нәтижелі ойын көрсетіп, 8:6 есебімен жеңіске жетті. Бұл чемпионаттың алғашқы кезеңіндегі ең нәтижелі матчтардың бірі болды.

Үшінші ойын «Барыс» үшін сәтсіз аяқталды. Астаналықтар «Амурдан» 1:3 есебімен жеңіліп, маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Соңғы матчтағы сәтсіздікке қарамастан, «Барыс» ҚХЛ күш индексіндегі жоғары позициясын сақтап, алтыншы орынға орналасты.

Рейтинг көшін ярославльдік «Локомотив» бастады. Екінші орында – «Нефтехимик», ал үздік үштікті мәскеулік «Спартак» түйіндеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или