Усман Нурмагомедов Дубайда Хабибпен спарринг кезінде түсірілген видеоны жариялады
Усман Нурмагомедов Дубайда Хабибпен спаррингі кезінде түсірілген кадрларды көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
PFL ұйымының жеңіл салмақтағы (70 келіге дейін) қазіргі чемпионы Усман Нурмагомедов әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің немере ағасы, ММА аңызы әрі UFC Даңқ залының мүшесі Хабиб Нурмагомедовпен грэпплинг жекпе-жегінен түсірілген видеоны жариялады.
«Егер мен Дубайда демалып жүр деп ойласаңыздар, қателесесіздер. Мен мұнда біліктілігімді арттыру үшін келдім», — деген жазбамен бөліскен.
Айта кетейік, дағыстандық файтер кәсіби мансабын 2017 жылы бастаған. 2021-2024 жылдар аралығында Нурмагомедов Bellator лигасында өнер көрсетіп, жеңіл салмақта чемпиондық белбеуді иеленді. Ал 2025 жылдан бері PFL промоушенінің чемпионы атанып келеді.