Джейдон Санчо АПЛ-дің екі клубымен келіссөз жүргізуде
«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы қаптал шабуылшысы Джейдон Санчо мансабын Англия Премьер-лигасында (АПЛ) жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
26 жастағы футболшының өкілдері қазіргі таңда Англия чемпионатының жоғары дивизионында өнер көрсететін екі клубпен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы TEAMtalk жазды. Сонымен қатар Санчо 2017-2021 жылдары ойнаған және 2024 жылы қайта барған дортмундтық «Боруссия» да ағылшын футболшысын қатарына қосуды қарастырып отыр.
Футболшыға Түркия, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерінің клубтары да қызығушылық танытуда.
Санчо мансабында «Боруссия», «Манчестер Юнайтед» және «Челси» сапында ойнады. Соңғы маусымды ол жалға алынған «Астон Вилла» клубында өткізді. Команда құрамында 39 матчқа қатысып, бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.
Қазір ағылшын футболшысының нарықтағы бағасы 25 миллион еуроға бағаланып отыр. Алдағы трансферлік кезең Санчоның мансабындағы келесі бағытын анықтайтын маңызды кезең болуы мүмкін