Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымға сенімді өтті
Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымнан еш қиындықсыз өтіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстанның үздік теннисшісі рейтингіде 105-орында тұрған испаниялық Джессика Бузас Манейродан басым түсті. Еленаға келесі кезеңге өту үшін 1 сағат 8 минут жеткілікті болды. Кездесу 6:2, 6:4 есебімен аяқталды.
Қазақстандық теннисші матч бойы доп беруде басымдық танытты. Елена 7 эйс жасап, қарсыласына бұл көрсеткіш бойынша бірде-бір мүмкіндік бермеді. Дегенмен, 4 рет қос қателікке жол берді.
Рыбакинаның басты артықшылығы қабылдаудағы агрессивті ойыны болды. Ол алты брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Ал испаниялық теннисші екі мүмкіндіктің біреуінде ғана брейк жасай алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или