Ресейлік клуб Самородов үшін қомақты қаржы ұсынды

Ресейлік клуб Самородов үшін қомақты қаржы ұсынды

Грозныйдың «Ахмат» клубына тиесілі жартылай қорғаушы Максим Самородовқа Мәскеудің «Спартак» клубы қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Prosports.kz

Журналист, әрі инсайдер Анар Ибрагимовтың мәліметінше, «Спартак» Максим Самородовтың трансфері үшін «Ахматқа» 4 миллион еуро ұсынды.

Грозныйдың клубы бұған дейін қазақстандық футболшыны 10 миллионға бағалаған болатын. Бірақ қос тарап 6-7 миллион еуроға келісіп қалуы мүмкін.

Өткен маусымда Ресей Премьер-лигасында 24 жастағы вингер Грозный клубы сапында 29 матч өткізіп, 5 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.

«Қайсар» командасының құрамына «Крузейро» түлегі қосылады

«Елімай» командасына сербиялық қорғаушы қосылады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или