«Каспий» тағы бір легионерімен қоштасты

«Каспий» тағы бір легионерімен қоштасты

«Каспий» футбол клубы мен аргентиналық Леонель Струмия өзара келісім аясында арадағы келісімшартты мерзімінен бұзу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жөнінде ақтаулық команданың баспасөз қызметі мәлім етті:

- Леонель өз еркімен, отбасылық жағдайына байланысты клубтан кету туралы шешім қабылдады. Клубымыздың намысын қорғап, алаңдағы еңбегі мен кәсібилігі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Леонельге және оның отбасына зор денсаулық, бақ-береке тілейміз. Алдағы мансабында жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер көп болсын, - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, 33 жастағы футболшы биылғы жылдың басында Черногорияның «Будучность» клубымен келісімшартын үзіп, ақтаулық командаға қосылған еді.

Айта кетейік, бұған дейін ақтаулықтар Богдан Петрович және Густаво Франса сынды легионерлерін де шығарып салған еді.

«Каспийдің» сербиялық ойыншысы командадан кетті

Ақтаулық клубқа француз шабуылшысы қосылды

ҚФФ қазақстандық клубқа қатысты шешім қабылдады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или