ҚПЛ: «Қайсар» сырт алаңда үш ұпай еншіледі
Бүгін, 28 маусым Павлодар қаласында Қазақстан Премьер-лигасының ХV тур ойыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жергілікті «Ертіс» командасы өз алаңында қызылордалық «Қайсарды» қабылдады. Бірінші тайм 1:1 есебімен тең аяқталғанымен, екінші таймда қонақтар 65-минутта бір гол соғып алаңға шықты және матч соңына дейін сол есепті ұстап қалу үшін қорғанысты сауатты ойнай білді. Соның арқасында қызылордалық ұжым сырт алаңнан үш ұпай еншілеп кетті.
Айта кетейік, алаң иелері 12 матч бойы жеңіске жете алмай келеді және турнирлік кестеде соңғы орынға жайғасқан. Ал «Қайсар» болса осы жеңістің арқасында 11-орынға көтерілді.
- ҚПЛ, 15-тур
- Ертіс – Қайсар – 1:2
- Голдар: 15’ По – 44’ Цуцкич, 65’ Букорац.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или