«Елімай» «Қызылжарды» 2:0 есебімен жеңді

«Елімай» «Қызылжарды» 2:0 есебімен жеңді

Семейдің «Елімайы» Қазақстан Премьер-лигасының 15-туры аясында өз алаңында «Қызылжарды» 2:0 есебімен жеңіп, турнирлік кестедегі алғашқы бестікке көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Үзілістен кейін Арсен Әшірбекке қарсы ереже бұзылып, төреші пенальти белгіледі. 11 метрлік айып добын Рамазан Оразов дәл орындады. Ал 80-минутта Фессу Плакка қарсылас қақпашысымен жеке шығып, матчтың нүктесін қойды.

Айта кетелік осы жеңістен кейін «Елімай» 23 ұпай жинап, турнирлік кестеде үздік бес команда қатарына енді. Ал «Қызылжар» 15 ұпаймен кестенің төменгі бөлігінде қалды.

«Елімай» командасына сербиялық қорғаушы қосылады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или