«Ертіс» нигериялық ойыншымен келісімшартқа отырды
Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы нигериялық орталық қорғаушы Самуэль Опемен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 жастағы футболшы кәсіби мансабын Нигерияның «Warri Wolves» клубында бастаған. Өз мансабында бірнеше елдің чемпионаттарында өнер көрсетіп, мол халықаралық тәжірибе жинақтады. Самуэль Опе әр жылдары Өзбекстанның «Актепа» және Ташкенттің «Локомотив», Албанияның «Лачи», сондай-ақ Косовоның «Малишева» клубтарының намысын қорғады.
2023 жылы «Локомотив» (Ташкент) сапында Өзбекстан Про-лигасының жеңімпазы атанып, команданың жоғары дивизионға жолдама алуына үлес қосты. Сонымен қатар Нигерияның жасөспірімдер құрамасына шақырылған.
Қазақстандық футболшы ұзақ үзілістен кейін қатарға қосылды