Конференция лигасы: «Астана» мен «Елімай» қатысатын матчтардың уақыты жарияланды

Конференция лигасы: «Астана» мен «Елімай» қатысатын матчтардың уақыты жарияланды

UEFА Конференция Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Астана» мен «Елімай» командаларының ойындарының күндері мен басталу уақыты жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Елімай» турнирді армениялық «Алашкерт» командасына қарсы матчпен бастайды. Бірінші ойын 9 шілдеде Еревандағы FFA академия стадионында өтеді, Қазақстан уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады. Қарымта ойын 16 шілдеде Семейдегі «Спартак» стадионында өтеді, сағат 20:00-де басталады.

«Астана» бірінші іріктеу кезеңінде Албанияның «Динамо Сити» командасымен кездеседі. Бірінші ойын Албаниядағы «Эльбасан Аренада» өтеді, 9 шілдеден 10 шілдеге қараған түні Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады. Екінші ойын 16 шілдеде «Астана Аренада» өтеді, Қазақстан уақыты бойынша сағат 20:00-де басталады.


Transfermarkt сайты ҚПЛ-дағы ең қымбат 10 футболшының тізімін жаңартты

Димитар Митков ресми түрде «Ордабасыдан» кетті

ҚПЛ-дың орталық матчында төрелік еткен қазы қамауға алынды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или