«Қызылжар» – «Қайрат» нәтижелі матчына шолу

«Қызылжар» – «Қайрат» нәтижелі матчына шолу

Қазақстан Премьер-лигасының 14-туры аясында Петропавлда өткен «Қызылжар» мен алматылық «Қайрат» арасындағы матчта жанкүйерлер алты гол куәгері болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 4:2 есебімен «Қайраттың» пайдасына аяқталды. Алматылық клуб сапынан Яакко Оксанен, Марк Гуаль, Луиш Мата және Жоржиньо мергендік танытты. Ал «Қызылжар» тарапынан Этьен Бугре мен Стефан Баокен көзге түсті.

Осы жеңістің арқасында «Қайрат» 33 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. «Қызылжар» болса 15 ұпаймен 11-сатыда қалып отыр.

Келесі турда «Қайрат» өз алаңында «Оқжетпесті» қабылдайды, ал «Қызылжар» сырт алаңда семейлік «Елімаймен» кездеседі.

Айта кетелік, 6 доп соғылған тартысты матчқа жасалған видеошолуды осы жерден көре аласыздар. 

ҚПЛ: «Оқжетпес» өз алаңында үш ұпай олжалады




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или