«Қайрат» пен «Қызылжар» матчының нәтижесі қандай?
Қазақстан Премьер-лигасының 14-туры аясында петропавлдық «Қызылжар» өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдап, нәтижелі кездесуде 2:4 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қонақтар сапынан Яакко Оксанен, Марк Гуаль, Луиш Мата және Жоржиньо мергендік танытты. Ал «Қызылжардың» тараптан голды Этьен Бугре мен Стефан Баокен соқты.
Осы жеңістің арқасында «Қайрат» 33 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді. Ал 15 ұпайы бар «Қызылжар» 11-орында қалып отыр.
Айта кетелік, келесі турда «Қайрат» өз алаңында «Оқжетпесті» қабылдайды, ал «Қызылжар» сырт алаңда семейлік «Елімаймен» кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или