Астаналық клуб қатары жаңа ойыншымен толықты

Астаналық клуб қатары жаңа ойыншымен толықты

Астананың «Жеңіс» клубының қатарына украиналық шабуылшы Владислав Наумец қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

27 жастағы вингер бұған дейін Шымкенттің «Ордабасы» сапында өнер көрсеткен. Биылғы маусымда ол Қазақстан Премьер-лигасында 11 матчқа қатысып, 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, елордалық клуб бұған дейін жартылай қорғаушы Александр Меркель және грузиялық шабуылшы Элгуджа Лобжанидземен келісімшартын бұзғанын мәлімдеген еді.

«Жеңіс» тәжірбиелі легионермен қоштасты

Александр Меркельдің қай клубқа ауысатыны белгілі болды

«Спартак» Максим Самородов үшін 10 миллион еуро төлеуі мүмкін


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или