Әлем кубогы: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға өтті

Әлем кубогы: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға өтті

Қытайдың Гуйян қаласында бокстан әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бесінші жарыс күні ширек финалдық кездесулер өтуде. Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшыларының бірі Санжар Тәшкенбай бүгін осы жарыстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Алғашқы жекпе-жегін Анваржан Ходжиевке (Қазақстан) қарсы өткізген екі дүркін әлем чемпионы, 50 келідегі қазақстандық боксшы сенімді жеңіске жетіп, төрешілер шешімімен жартылай финалға жолдама алды. Отандасымыз жекпе-жекті толықтай бақылауда ұстап, барлық раундты өз еншісіне жазды. Есеп: 5:0.

Бесінші жарыс күнінің тікелей трансляциясы

Виктория Графеева жартылай финалға шықты

Назым Қызайбай әлем кубогының жартылай финалына шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или