Қазақстан U-16 құрамасы Қырғызстанды тізе бүктірді
Шымкентте өткен жасөспірімдер арасындағы жолдастық кездесуде Қазақстан U-16 құрамасы Қырғызстанды 5:0 есебімен ойсырата ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«БИИК» спорт кешенінде өткен матчтың бірінші таймы голсыз аяқталды. Ал үзілістен кейін қазақстандықтар басымдық танытып, қатарынан бес гол соқты. Нұрман Бекнұр (52), Максим Бонет (72), Никита Духов (77), Ерасыл Ибадулла (84) және Әлихан Қуандық (пенальти, 88) мергендігімен көзге түсті.
Айта кетейік, бұл оқу-жаттығу жиынындағы екінші кездесу. Алғашқы ойында Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или