Қазақстанның келесі жолдастық матчтағы төрешілері анықталды

Қазақстанның келесі жолдастық матчтағы төрешілері анықталды

Венгрия және Қазақстан ұлттық құрамалары арасындағы жолдастық кездесуде қай елдің мамандары төрешілік ететіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

УЕФА 9 маусым күні өтетін Венгрия–Қазақстан матчында жұмыс істейтін төрешілерді бекітті. Бұл ойында төрешілер бригадасы Сербия елінен келетін болады. Бас төреші міндеті 37 жастағы Павле Иличке жүктелген.

Бас төреші: Павле Илич;
Көмекшілері: Милан Шутулович, Никола Джорович;
Төртінші төреші: Данило Николич;
VAR: Александр Живкович, Милан Стефанович.

Венгрия мен Қазақстан арасындағы жолдастық матч Дебрецен қаласында «Надьердеи» стадионында өтеді.

Айта кетеік, күні кеше отандастарымыз Армениямен өткен жолдастық кездесуде 1:1 есебімен тең тарқасты.

Қазақстан құрамасы сырт алаңда Армениямен тең тарқасты

Қазақстан әйелдер құрамасы Армениямен тең ойнады

Қазақстан U-17 құрамасының аға бапкері: Басты мақсат – элиталық кезеңге шығу

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или