Елена Рыбакина Лондон жарысында өнер көрсетеді

Елена Рыбакина Лондон жарысында өнер көрсетеді

8-14 маусым аралығында көгал төсенішінде өтетін Лондон WTA 500 турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастайды.

Аталмыш доданың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде 49-орындағы грекиялық Мария Саккари немесе іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кездеседі. 

Лондон турнирінің жүлде қоры 1 млн 915 мың АҚШ долларына бағаланған. Өткен жылы Е.Рыбакина ширек финалға дейін жеткен болатын. 

Қазақстандық теннисші Ролан Гаррос турнирінде күтпеген жерден екінші айналымда украиналық Юлия Стародубцевадан жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалған болатын. Соның салдарынан Е.Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде үшінші орынға сырғыды. Сенбі күні Парижде 19 жасында алғаш рет Франция ашық чемпионатында жеңімпаз атанған ресейлік Мирра Андреева 4 928 ұпаймен чемпиондық кестеде көш бастады. Әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко 4 510 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Е.Рыбакинаның есебінде 4 388 ұпай бар.

Ерлер арасында Қазақстанның үшінші, әлемнің 189-ракеткасы Тимофей Скатов Перуджа (Италия) челленджер турнирінің финалына шыға алмады. 

Ол жартылай финалда әлемнің 119-ракеткасы, португалиялық Энрике Рошаға жол берді – 4:6, 2:6.


Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шықты

Бублик әлемдік рейтингтің үздік ондығынан шығып қалады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или