«Қайсар» Қазақстанда ұзақ ойнаған футболшыға көз тікті
Қазақстанда танымал бразилиялық шабуылшы Жоао Паулуға «Қайсар» қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қызылорда клубының өкілдері ойыншымен байланысып, алдын ала келіссөздер жүргізген.
38 жастағы шабуылшы Қазақстанда «Ордабасы» (2020/21) және «Қайрат» (2021/25) командаларында ойнады. Қазақстан Премьер-лигасында 150 матчта 75 гол соғып, 30 нәтижелі пас берді. 2025 жылдың сәуірінде ол крест тәрізді байламын жыртып алды, ал алматылық клуб маусым соңында оған жаңа келісімшарт ұсынудан бас тартты.
Transfermarkt ойыншыны 200 000 еуроға бағалап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или