Бородюк ван дер Варттың мәлімдемесіне жауап берді

Бородюк ван дер Варттың мәлімдемесіне жауап берді

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері әрі «Қайраттың» экс-жаттықтырушысы Александр Бородюк Нидерланд құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысының Евро-2008-дегі Ресей құрамасы ойыншыларына қатысты допинг жөніндегі мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бородюк қарсыластың бұл сөзін қатаң сынға алып, мұндай айыптаулардың негізсіз екенін айтты. Оның пікірінше, жеңілісті қабылдай білу де спорт мәдениетінің бір бөлігі.

Еске салсақ, Евро-2008 турнирінің ширек финалында Ресей құрамасы Нидерландыны 3:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алған еді. Кейін ресейліктер турнир жеңімпазы атанған Испания құрамасына есе жіберді.

Айта кетелік, аталмыш мәлімдеме футбол жанкүйерлері арасында қызу пікірталас тудырып отыр.







Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или