«Реал» жаңа бапкерді таныстырды

«Реал» жаңа бапкерді таныстырды

Мадридтік «Реал» сәтсіз маусымнан кейін жаңа бапкер мен бірнеше ойыншы алатыны белгілі болған еді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Флорентино Перес алдағы сайлауда жеңіске жетсе, «Реал Мадрид» тізгінін Жозе Моуриньо ұстайтынын растады. Қос тарап толық келісімге келіп, тиісті құжаттар реттеліп қойған. 

Сонымен қатар, қорғаныс шебін күшейту үшін Дензель Дюмфрис пен Ибраима Конате клубқа ауысады. Мадридтіктер кеше нидерландылық қорғаушы үшін «Интерге» €20 млн өтемақы құнын төлеу бойынша ресми құжаттарды жіберген. Дюмфрис болса Нидерландта медициналық тексерістен өтіп, барлығы сәтті аяқталған.

Ал франциялық қорғаушымен 4 жылдық келісімшартқа қол қоюға келісіп қойды. Трансферлер алдағы президенттік сайлаудан кейін ресми хабарланады.

79 жастағы функционер сайлау алдында клубтың көшбасшы ойыншылары туралы да сөз қозғады:

«Килиан Мбаппе, Джуд Беллингем мен Винисиус «Реалда» қалады. Үшеуі де әрбір ТОП клуб өз қатарында көргісі келетін ойыншылар».

Моуриньо 70 миллион еуро тұратын футболшыны «Реалға» шақырып отыр

FIFA әлем чемпионатындағы төрешілердің өкілеттігін кеңейтті

«Реал Мадрид» нидерландылық қорғаушыға көз тікті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или