«Реал» нидерландылық қорғаушыға қызығушылық танытуда

«Реал» нидерландылық қорғаушыға қызығушылық танытуда

«Реал Мадрид» осы жазда оң қаптал қорғаушы сатып алу нұсқасын қарастырып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Танымал инсайдер және журналист Фабрицио Романоның айтуынша, мадридтіктер клубтан кеткен Дани Карвахальдың орнына білікті қорғаушы алуды жоспарлауда. Қазір тізімде Педро Порро («Тоттенхэм») мен Дензель Дюмфрис («Интер») бар. Сондай-ақ клуб скауттары «Спортингтен» Иван Фреснеданы бақылауға алды. 

Лондондықтар испаниялық қорғаушыны сатқысы келмейді. Жаңа келген бапкер қорғаушының клубта қалғанын қалайды.

Ал Дензель Дюмфристің келісімшартында 25 млн еуроны құрайтын өтемақы құны бекітілген. «Реал» бұдан хабардар және ойыншының өкілдерімен байланыс орнатты. Бұған дейін нидерландылық қорғаушыға «Ливерпуль» қызығушылық білдірді, бірақ Арне Слоттың кеткеніне байланысты клубтың жоспары өзгеруі мүмкін.

«Арсенал» жазда үш жаңа ойыншымен келісімшартқа отыруды жоспарлап отыр

FIFA әлем чемпионатындағы төрешілердің өкілеттігін кеңейтті

Бразилия қарсылас қақпасына алты доп соқты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или