Бразилия жолдастық матчта жеңіске жетті
Бразилия Рио-де-Жанейродағы Маракана стадионында Панаманы қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч алаң иелерінің пайдасына 6-2 есебімен аяқталды. Бразилияның голдарын Винисиус Жуниор (2-минут), Каземиро (39-шы), Райан (53-ші), Лукас Пакета (60-шы), Игорь Тиаго (63-ші, пенальти) және Данило (81-ші) соқты, ал Панама сапынан Матеус Кунья (14-ші, автогол) және Карлос Харви (84-ші) көзге түсті.
Екі команда да 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысады. Бразилия С тобында, оның қарсыластары Марокко, Гаити және Шотландия болады. Панама өз кезегінде L тобында Англия, Хорватия және Ганамен кездеседі.
Чемпиондар лигасының үздік сұрмергені анықталды
Моуриньо 70 миллион еуро тұратын футболшыны «Реалға» шақырып отыр
Аргентина құрамасы әлем чемпионатына қатысатын тізімді шығарды