Тимофей Скатов Италиядағы турнирді сәтті бастады

Тимофей Скатов Италиядағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Италияның Перуджа қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымдағы кездесуде (ATP 189-орында) Скатов литвалық (133-орында) Вилиус Гаубаспен кездесіп, оны 4:6, 6:4, 6:2 есебімен жеңді. 

Кездесу 2 сағат 50 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы тунистік Моэ Эчарги (ATP рейтингінде 139-шы орында) мен тайвандық Цзэнь (181-ші орында) арасындағы кездесудің жеңімпазы болады.

Айта кетейік, Перуджа турнирі ATP Challenger 125 санатына жатады. Оның жалпы жүлде қоры 203 900 еуро. Жеңімпаз 125 рейтингтік ұпай мен 30 460 еуро жүлде қорын алады.

Қазақстандық теннисші «Ролан Гаррос» турнирінің төртінші айналымына өтті

Қазақстандық жас теннисші «Ролан Гаррос» турнирін сенімді бастады

Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы турнирде жеңіске жетті



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или