Қазақстандық теннисші Чехиядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Чехиядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Чехияның Простеев қаласында өткен «Челленджер» турниріндегі өнерін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда италиялық теннисші Рауль Бранкаччомен кездесіп, оны 7:6, 4:6, 6:1 есебімен жеңді.

Кездесу 2 сағат 10 минутқа созылды.

Осылайша, Александр Шевченко турнирдің екінші кезеңіне өтті, онда ол испаниялық Николас Санчес Искьердо (ATP рейтингінде 235-ші орында) мен франциялық Лука Павлович (241-ші орында) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, Простеевтағы турнирдің жүлде қоры 160 680 еуро. Жеңімпаз 100 рейтингтік ұпай мен 23 750 еуро жүлде алады.

Қазақстандық теннисші «Ролан Гаррос» турнирінің төртінші айналымына өтті

Қазақстандық жас теннисші «Ролан Гаррос» турнирін сенімді бастады

Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы турнирде жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или