Кошелев еркін агент мәртебесіне ие болады

Кошелев еркін агент мәртебесіне ие болады

Шабуылшы Семен Кошелев новосібірлік «Сібір» клубынан кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

2025/26 жылғы маусымды хоккейші «Адмирал» сапында бастаған болатын. ҚХЛ тұрақты чемпионатында ол 19 матч өткізіп, 10 ұпай (2 гол және 8 нәтижелі пас) жинады.

Кейін Кошелев «Сібірге» ауысып, тұрақты маусымда 45 ойынға қатысып, 23 ұпайға (11+12) қол жеткізді.

ҚХЛ плей-офф кезеңінде шабуылшы бес матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Дереккөздердің мәліметінше, хоккейшінің агенттері мен клуб басшылығы жаңа келісімшарт бойынша ортақ шешімге келе алмаған.

Нәтижесінде тараптар келіссөздерді келісімсіз аяқтаған.

Осылайша, 30 жастағы шабуылшы шектеусіз еркін агент мәртебесін алып, басқа клубтардың ұсыныстарын қарастыра алады.

Семен Кошелев Өскемен қаласында дүниеге келген және хоккейдегі алғашқы қадамдарын осы қалада жасаған.

2011-2014 жылдары ол жергілікті «Торпедо» жүйесінде ойнап, Қазақстан чемпионаты мен ЖХЛ жарыстарына қатысқан.

Жастар деңгейінде Кошелев Қазақстан құрамасының сапында әлем чемпионаттарына екі рет қатысқан.

Кейін хоккейші мансабын Ресейде жалғастыру туралы шешім қабылдап, Қазақстан азаматтығынан бас тартты. Бұдан кейін Ресейдің екінші құрамасына шақырту алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или