Виталий Латурнустың әкесі сұқбат берді

Виталий Латурнустың әкесі сұқбат берді

Виталий Латурнустың әкесі Артем ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында «Ақтөбенің» 17 жастағы шабуылшысының айналасындағы үлкен ажиотажға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Виталий – жас болса да, өз жасына қарағанда өте салмақты әрі ерте есейген. Ешқандай себепсіз жаттығуларды ешқашан жіберген емес, мектепте де өте жақсы оқыды, сондықтан тәртібі өте жоғары. Жетістіктен басы айналып, асқақтап кету оның табиғатына жат. Ұлым қазір де нәтиже көрсетіп жатыр, алдағы уақытта да көрсете береді», – деді Латурнустың әкесі.

«Ақ-қызылдардың» жас форварды Виталий Латурнус ҚПЛ-дың 12-турында «Оқжетпеске» қарсы өткен матчта (2:2) дубль авторы атанған болатын. Бұған дейін ол «Атырау» қақпасын да дәл көздеген (1:1).

Футболшы маусым айында өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Португалия, Сербия және Грекияға қарсы ойындарда Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасына көмектеседі.


ҚПЛ: 12-тур ойындары қалай өтті?

«Қайраттың» еурокубоктағы табысы қандай?

Қазақстандық қақпашы «Сабахпен» келісімшарт мерзімін ұзартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или