Покатилов мансабын «Сабах» сапында жалғастырады
Әзірбайжанның «Сабах» футбол клубы қазақстандық қақпашы Стас Покатиловпен келісімшартын ұзартқанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
33 жастағы қақпашының жаңа келісімшарты тағы бір жылға ұзартылды. Осылайша, Орал футболының түлегі келесі маусымда «үкілер» сапында алаңға шығады.
Еске сала кетейік, Стас Покатилов «Сабахқа» 2025 жылдың қаңтарында қосылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық қақпашы команда жейдесінде 61 ресми матч өткізіп, клубқа Әзірбайжан чемпионаты титулын және екі Әзірбайжан кубогын жеңіп алуға көмектесті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или