Исламхан Бірінші лигаға аттана ма?

Исламхан Бірінші лигаға аттана ма?

«Астана» клубының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан осы жазда елордалық ұжымнан кетуі мүмкін. 33 жастағы футболшыға түркістандық «Туран» тарапынан қызығушылық бар, клуб ойыншыға жеке келісімшарт шарттарын әзірлеп қойған, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sports24.kz-ке сілтеме жасап.

Бауыржан Исламхан «Туран» сапына қайта оралуы мүмкін. Инсайдер AmanVIBE-тің мәліметінше, Түркістан клубы тәжірибелі хавбекті жазғы трансферлік терезеде қайта қатарға қосу нұсқасын шындап қарастыруда.

Футболшының өзі үшін бұл ауысу бұрынғы командасына қайта оралу болмақ. Өткен жылдың жазында Исламхан дәл осы «Тураннан» «Астанаға» ауысқан еді. Дегенмен қазір жағдай өзгерді: бұған дейін ол Түркістан командасында Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетсе, қазір клуб Бірінші лигада ойнап, жоғары лигаға оралу үшін күресіп жатыр.



ҚПЛ: 12-тур ойындары қалай өтті?

«Қайраттың» еурокубоктағы табысы қандай?

Қазақстандық қақпашы «Сабахпен» келісімшарт мерзімін ұзартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или