Алонзо Менифилд UFC Fight Night 277 турнирінде жеңді
Америкалық жартылай ауыр салмақтағы файтер Алонзо Менифилд UFC Fight Night 277 турнирінде қытайлық Чжан Миньянды техникалық нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекпе-жектің шешуші сәті екінші раундтың соңында орын алды. Чжан Миньян бір эпизодта құлап қалғаннан кейін Менифилд қарқынын үдетіп, қарсыласына ауыр соққылар сериясын жасады. Қытайлық спортшы орнынан тұрғанымен, америкалық тағы да дәл соққыларымен басымдық танытып, шабуылды жалғастырды.
Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатып, Алонзо Менифилдке техникалық нокаутпен жеңіс берді.
Осы жеңістен кейін Менифилдтің кәсіби ММА-дегі көрсеткіші 18 жеңіс, 6 жеңіліс және 1 тең нәтижеге жетті.
Айта кетелік, ал Чжан Миньян UFC-дегі қатарынан екінші жеңілісіне ұшырап, мансабындағы 19 жеңіс пен 8 жеңіліске ие болды.
19 жастағы қазақстандық OCTAGON лигасындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді