Макао турниріндегі файтер басты жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Макао турниріндегі файтер басты жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Қытайлық файтер Сун Ядун UFC Fight Night 277 турнирінің басты кездесуінде бұрынғы чемпион Дейвисон Фигейредуды жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жектің шешуші сәті екінші раундта болды. Сун Ядун қарсыласын «гильотина» әдісіне түсіріп, ауыр жағдайда қалдырды. Нәтижесінде бразилиялық спортшы жеңілгенін мойындауға мәжбүр болды.

Айта кетелік, осылайша 28 жастағы қытайлық спортшы UFC-дегі маңызды жеңістерінің біріне қол жеткізді. Ал бұрынғы чемпион Дейвисон Фигейреду мерзімінен бұрын жеңіліс тауып, өз рекордын жақсарта алмады.

19 жастағы қазақстандық OCTAGON лигасындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или