UFC: Жекпе-жек заңсыз соққыға байланысты тоқтады

UFC: Жекпе-жек заңсыз соққыға байланысты тоқтады

Макаода өткен UFC Fight Night 277 турнирінде Алекс Перес пен Су Мудаержи арасындағы жекпе-жек ереже бұзған соққыдан кейін нәтижесіз аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші раундта қытайлық спортшы қарсыласына белден төмен аймаққа заңсыз соққы жасап қойған. Соққыдан кейін америкалық Алекс Перес жекпе-жекті жалғастыра алмады.

Медициналық тексерістен кейін Перес жағдайын қалпына келтіре алмағандықтан, кездесу ресми түрде «нәтижесіз» деп тіркелді.

Айта кетелік, Перес бұған дейін қазақстандық Асу Алмабаевпен жекпе-жек өткізіп, жеңіліс тапқан болатын.

19 жастағы қазақстандық OCTAGON лигасындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или