«Қайрат» бас бапкері: Нұсқауларға кейбір футболшылар құлақ аспады
Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин ҚПЛ-дың 12-ші турында Шымкенттің «Ордабасы» командасына қарсы (1:2) өткен ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Матч алдында біз тактикалық және теориялық жаттығуларға назар аудармау керектігін талқылап, атап өттік. Ойынның бүкіл нәтижесі жеке тартыстарда шешілуі керек еді. Өкінішке орай, бұл нұсқауларға кейбір футболшылар құлақ аспады», - деді бапкер матчтан кейін.
Бұл жеңістен кейін «Ордабасы» турнир кестесінде 28 ұпаймен көш бастап тұр. «Қайрат» 26 ұпаймен екінші орында.
Келесі турда «Ордабасы» сырт алаңда «Елімай» командасымен ойнайды, ал «Қайрат» Атырауды қабылдайды.
ҚПЛ: 12-тур ойындары қалай өтті?
«Қайраттың» еурокубоктағы табысы қандай?
Қазақстандық қақпашы «Сабахпен» келісімшарт мерзімін ұзартты