«Қайраттың» еурокубоктағы табысы қандай?

«Қайраттың» еурокубоктағы табысы қандай?

2025/2026 маусымында еуропалық жарыстардың негізгі кезеңдеріндегі Қазақстанның жалғыз өкілі «Қайрат» 21,2 миллион еуро табыс тауып, Қазақстанды УЕФА кірісі бойынша үздік 25 елдің қатарына қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.

2025/2026 жылғы еуропалық жарыстар маусымының алдын ала қаржылық нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан жүлде қоры бойынша УЕФА-ның 39 елінің арасында 21-ші орында тұр.

УЕФА-ның еуропалық клубтық жарыстарында ең көп өкілдікке ие елдер қазіргі уақытта қаржылық рейтингте көш бастап тұр. Англия тоғыз клубпен бірінші орынды иеленді. Испания сегіз командамен екінші орынды, Германия жеті клубпен үшінші орынды иеленді.

2025/2026 маусымындағы еуропалық жарыстардағы клубтық кірісі бойынша алғашқы 5 ел:

1. Англия (жалпы 9 клуб) — 676,0 миллион еуро

2. Испания (8 клуб) — 446,2 миллион еуро

3. Германия (7 клуб) — 386,8 миллион еуро

4. Италия (7 клуб) — 315,7 миллион еуро

5. Франция (7 клуб) — 310,7 миллион еуро

21. Қазақстан (1 клуб) — 21,2 миллион еуро



Қазақстандық қақпашы «Сабахпен» келісімшарт мерзімін ұзартты

ҚПЛ-дың 11-тур матчтарына жиналған көрермен саны жарияланды

Қазақстан құрамасының жолдастық ойындарға қатысатын нақты тізімі жарияланды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или