ҚПЛ: 12-тур ойындарының тікелей трансляциясы
27-28 мамыр күндері Қазақстан Премьер-лигасының 12-тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Барлық матчтар KFF League YouTube арнасында, ал кейбір матчтар Qazsport және SPORT+ телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.
27 мамыр (сәрсенбі) екі ойын өтеді:
16:00. «Алтай» — «Астана»
18:00. «Ертіс» — «Ұлытау»
28 мамыр (бейсенбі):
15:00. «Оқжетпес» — «Ақтөбе»
16:00. «Қызылжар» — «Жетісу»
18:00. «Атырау» — «Тобыл»
19:00. «Қайсар» — «Елімай»
19:00. «Жеңіс» — «Каспий»
20:00. «Ордабасы» — «Қайрат»
Айта кетейік, турнир кестесінде бір ойыны артық «Қайрат» көш бастап тұр. Алматылық ұжымның еншісінде 26 ұпай бар. Екінші орында 25 ұпаймен «Ордабасы», ал үздік үштікті 22 ұпаймен «Оқжетпес» түйіндеп тұр.
ҚПЛ 12-тур ойындарының басталу уақыты белгілі болды
ҚПЛ-дың 11-тур матчтарына жиналған көрермен саны жарияланды
Қазақстан құрамасының жолдастық ойындарға қатысатын нақты тізімі жарияланды