ҚПЛ 12-тур ойындарының басталу уақыты жарияланды
Қазақстан Премьер-лигасының 12-туры аясында өтетін ойындардың басталу уақыты жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.
27 мамыр (сәрсенбі):
16:00 — «Алтай» — «Астана»
18:00 — «Ертіс» — «Ұлытау»
28 мамыр (бейсенбі):
15:00 — «Оқжетпес» — «Ақтөбе»
16:00 — «Қызылжар» — «Жетісу»
18:00 — «Атырау» — «Тобыл»
19:00 — «Қайсар» — «Елімай»
19:00 — «Жеңіс» — «Каспий»
20:00 — «Ордабасы» — «Қайрат»
Турнир кестесінде «Қайрат» көш бастап тұр. Оның еншісінде 26 ұпай бар. Екінші орында 25 ұпаймен «Ордабасы», ал үздік үштікті 22 ұпаймен «Оқжетпес» түйіндеп тұр.
Турнир кестесінің төменгі бөлігінде 8 ұпайлары бар «Каспий» мен «Тобыл» командалары келеді.
Қазақстан құрамасының жолдастық ойындарға қатысатын нақты тізімі жарияланды
Соккадан Еуропа біріншілігі: Қазақстан құрамасы финалға дейін жетті