Самоделкина Донован Каррильоның шоуына қатысады
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Донован Каррильо ұйымдастыратын мұз шоуына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Көрсетілім 4 шілде күні өтеді.
Бұған дейін шоуға 2026 жылғы Ресей чемпионатының қола жүлдегері Мария Захарованың да қатысатыны хабарланған еді.
Сонымен қатар мұз кешінде Мексиканың екі дүркін чемпионы Андреа Монтесинос, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері эстониялық Александр Селевко және 2026 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегерлері америкалық Эмилия Зингас пен Вадим Колесник өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или