«Қайрат» футболшысы Финляндия құрамасына шақырту алды

«Қайрат» футболшысы Финляндия құрамасына шақырту алды

Алматының «Қайрат» командасының жартылай қорғаушысы Ойва Юккола Финляндия құрамасына шақырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

24 жастағы Юккола екі жолдастық кездесу өткізетін ойыншылардың соңғы тізіміне енді: 31 мамырда Германияға қарсы және 5 маусымда Венгрияға қарсы. Айта кету керек, «Қайраттың» тағы бір фин жартылай қорғаушысы Яакко Оксанен құрамаға кірмеді.

Еске сала кетейік, Ойва Юккола Қазақстан Премьер-лигасындағы 11 ойында үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

«Қайрат» турнир кестесінде 25 ұпаймен көш бастап келеді, Шымкенттің «Ордабасысынан» үш ұпайға озып тұр.


«Қайсар» клубы сапына бразилиялық қорғаушы қосылады

Абат Айымбетов «Петролулдан» кетуі мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или