1XBET - ставки на спорт

«Қайсар» бразилиялық қорғаушымен келісімшартқа отырады

«Қайсар» бразилиялық қорғаушымен келісімшартқа отырады

Бразилиялық қорғаушы Клайдер Македо мансабын Қызылорданың «Қайсар» клубында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев жазды.

- Менің ақпаратым бойынша, 27 жастағы футболшы «қасқырлармен» алдын ала келісімшартқа қол қойды. Ол қызылордалық клубқа Армения чемпионаты аяқталғаннан кейін командаға қосылады, қазір «Алашкерт» сапында ойын көрсетіп жүр.

Осы маусымда сол қанаттағы қорғаушы 25 матч өткізді. Оған қоса футболшы - армян клубының негізгі ойыншыларының бірі. Футболшы мансабы барысында Македо «Берое», «Гремио Анаполис», «Левски Крумовград» және «Ван» клубтарында ойын көрсетті.

Абат Айымбетов «Петролулдан» кетуі мүмкін

Қазақстандық футболшы «Левантенің» негізгі командасына шақырту алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или